Осакаров ауданында халықтың тең жартысы дауыс берді
Осакаров ауданында 21 277 дауыс беруші тіркелген. Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша 8 955 адам дауыс берген. Яғни, аудан халықының – 42.9%-ы дауыс беріп үлгерген.
– Халық белсенді. Сағат 14:00-ге дейін шамамен халықтың 50%-ы дауыс беріп үлгерді. Жағдай тұрақты. Аудан үшін бұл көрсеткіш жаман емес, – деді аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Дана Молдағалиева.
Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz