Бас тақырыпРесми

Осакаров ауданында ауыз су мәселесін шешу жалғасады

Осакаров ауданында сегіз елді мекенде жаңа су құбырларының құрылысы аяқталуда. Бірақ сапалы ауыз су мәселелері әлі де өзекті болып қала береді. Бұл мәселемен бірнеше ауылдың тұрғындары Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа жүгінді.

Аймақ басшысы мен басқарма басшыларының ауыл тұрғындарымен кездесуі Осакаровка кентінің дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтті.

Кіре берісте келушілер электронды кезек бойынша талондар алды. Ал спорт залы қабылдау бөлмесіне айналды.

Кіре берісте келушілер электронды кезек бойынша талондар алды. Ал спорт залы қабылдау бөлмесіне айналды.

Кездесуге отызға жуық адам келді. Кейбір ауылдардан барлық қажеттіліктерін ортаға салу үшін бір топ болып келгендер де бар.

Жеке мүдделерге ғана қатысты емес мәселелер де болды. Бірінші кезекте тұрған өзекті сұрақ – су.

– Мен жергілікті қоғамдастықтың төрағасымын, Шұңқыркөл ауылында тұрамын. Кездесуге мен ауыл тұрғындарының атынан келіп отырмын. Бізде жүзден астам үй бар, халқы 400-ден асады. Ал су құбыры ескі, ол 80-ші жылдары салынған. Құбырлар шойыннан жасалған, олар үгіле бастады – қайта-қайта жарыла береді. Жаңа су құбырын сұраймыз. Кездесуге көңілім толды. Олар біздің проблемамыз белгілі екенін және келесі жылы қайта құруды бастайтындарын айтты, – деді зейнеткер Болат Мұхамедин.

Приишимское ауылының тұрғыны Елена Веселова да суға қатысты мәселесін шешуге келді. Жауап оны да қуантты: ұзақ күтудің қажеті жоқ, оларға да кезек келесі жылы жетеді.

Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов таяудағы жоспарларда Шұңқыркөл, Колхозное, Приишимское, Центральное, Степное ауылдарында сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша бес жоба бар екенін хабарлады. Жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, ол бекітілгеннен және мемлекеттік сараптамадан кейін бірден қаржыландыруға өтінім берілетін болады. Ал Озерное, Ералы, Пионерское, Сенокосное, Садовое, Трудовое және Николаевка ауылдарында жаңа су құбырлары жақын арада іске қосылады. Осакаровкадағы су құбыры желілерін төсеудің жетінші кезегі де аяқталады.

Кездесуде жер, көмірмен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, Осакаров тұрғындары ауылда бассейн салынады ма деп сұрады.

Олар сондай-ақ балабақшаларда орын тапшылығы туралы да айтты. Ермағанбет Бөлекпаев бұл жағдайды халықпен кездесуге дейін талқылаған.

Облыс әкімі “Балдырған” балабақшасына алдын ала барып қайтты. Онда оған қосалқы ғимарал салу мүмкіндігі туралы айтылды. Қосымша бөлме бірнеше жаңа топтарды ашуға және балаларды қабылдауды арттыруға мүмкіндік береді. Өңір басшысы аудан басшылығына тапсырма берді.

Осакаровкада облыс әкімі орталық аудандық ауруханада болып, оған жаңа заманауи жабдықтар, гемодиализ орталығы, КТ аппараты, шалғайдағы ауылдардағы пациенттерге қызмет көрсетуге арналған жылжымалы медициналық кешенді көрді. 

Болашақта хирургиялық жабдықты жаңарту қажет.

Ермағанбет Бөлекпаев “Ауыл – Ел бесігі” бағдарламасы бойынша қайта құрылған “Жастар” балалар-жасөспірімдер орталығында болды. Өңір басшысы жас ауыл тұрғындарына қосымша білім беру, шығармашылық және техникалық қабілеттерін дамыту үшін қандай жағдайлар жасалғанын қарастырды.

Облыс әкімі жергілікті супермаркетке де барды, онда жас кәсіпкер ауылдастарына 55 жұмыс орнын ашқан. Сондай-ақ әлеуметтік бағамен тауарлар сөрелерін және мейірімділік дүңгіршегін ұйымдастырды. Ермағанбет Бөлекпаев бұл сөзге сенбей, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын апта сайынғы статистикамен салыстырып, әлеуметтік тауарларға үстемеақылардың аспағанына көз жеткізді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button