Бас тақырыпБасты тақырыпЖаңалықтар

Осакаров ауданында 28 мың тонналық заманауи элеватордың құрылысы жүруде

Бұл жоба жақын маңдағы ауыл шаруашылық құрылымдарына өнімді сақтау мен тасымалдау шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді.

Сурет inform.kz

–Президенттің Жолдауында елдің агроөнеркәсіп кешенін трансформациялау бағытындағы нақты міндеттер айқындалған. Олардың қатарында – аграрлық ғылымды жаңғырту, агротехнологиялық хабтар құру, экспортқа бағдарланған өндірісті дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, саланы цифрландыру және ауыл шаруашылығы кооперациясын қолдау бар.

Біздің өңір агроөнеркәсіп секторы дамыған аймақ. Бүгінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер егіс алқаптарын да, ірі қара мал басын да едәуір көбейтті. Біз 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының 14-ін өндіреміз, ал 6 өнім түрі бойынша толық өзін-өзі қамтамасыз еттік, – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев. 

Материалды әзірлеген Жамал АКПАРОВА

Басқа материалдар

Back to top button