Арқаның Сарыбелінде де сайлау кезінде белсенділік анық байқалады. Күн жексенбі демесеңіз, көпшілік үшін бүгін – салтанат. Саяси додадан үлкен үміт күткен аудан тұрғындары өздерінің белгіленген учаскелеріне ағылып жатыр. Елдің кемел келешегі, ертеңі үшін алаңдаған қарияларға дейін дауыс беруде…
Жалпы, Осакаров ауданында 41 сайлау пункті жүйелі жұмыс істеуде. 221 комиссия мүшесі мейлінше міндеттерін атқаруда. Бақылаушылар да өздеріне жүктелген жұмысты ұқыптылықпен қадағалауда.
«Бүгін № 653 сайлау учаскесінде дауыс бердім. Учаскеде санитарлық нормалар сақталған, комиссия үйлесімді жұмыс жасауда. Бақылаушылар дауыс беру процесін бақылап отыр. Барлығы ашық түрде өтуде» дейді дауыс беруші Гүлбаршын Аманбаева.
Кейінгі есеп бойынша, 22678 аудан тұрғыны өз таңдауларын жасапты.
Қасымхан ҒАЛЫМ.
ОСАКАРОВ ауданы.