Жаңалықтар

Қос жеңімпаз да – қарағандылық

Еліміздің барлық өңірінен өнерлі өрендер қатысқан ҚХА-ның республикалық «Мың бала» мәдени-ағарту жобасының қорытындысы шықты.

Астана қаласында өткен айтулы шарада Қарағанды облысының екі өкілі – «Өнер алды – қызыл тіл» номинациясы бойынша Қарағанды қаласындағы «Шәкәрім атындағы гимназия» КММ-нің оқушысы Виктор Каверин мен «Өнерлі өрге жүзер» номинациясы бойынша Теміртау қаласындағы «SOS Теміртау балалар ауылы» ЖББМ-тің оқушысы Лида Арешина жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

 

Басқа материалдар

Back to top button