Жаңалықтар

Қос елшіні қабылдады

   Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Германия Федарциялық Республикасының Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Төтенше және өкілетті елшісі Рольф Мафаэлмен кездесті. Аймақ басшысы Елшіге Қарағанды облысының Германиямен әріптестік қарым-қатынас орнату бағытындағы жұмыстары туралы баяндады. Облыс әкімі жыл басынан бері тауар айналымы 45 миллион АҚШ долларын құрағанын, оның көп бөлігі импорт арқылы келетіндігіне тоқталды. Экспортталатын тауарлар қатарында сутегі, инертті газдар бар.

Екіжақты қарым-қатынастар тәжірибесі Германияның сенімді серіктес әрі тұрақты инвестор екендігін аңғартады. Германдық инвесторлардың бізге жаңа технологиялар әкеліп, қазба байлықтарымызды өндіруге атсалысуына мүдделіміз, – деді Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Германиялық әріптестердің қатысуымен облыста бірқатар өндіріс ошақтары жұмыс істеп тұр. Олардың қатарында «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағындағы арматура және қапталған құбыр шығаратын зауыт та бар.

Неміс елшісі Қарағанды облысы Еуроодақ елдерінің қызығушылығын оятқан экономикалық аймақ екендігін атап өтті:

Қарағанды облысының экономикалық әлеуеті мен бұл жерде немістердің көп болуы, бізге әріптестік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Облыс әкімі неміс инвесторларын әріптестікке шақырды және білім беру, мәдениет саласында тәжірибе алмасуды ұсынды.

Аймақ басшысы дәл осы ұсынысты Молдова Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Думитру Брагишеммен кездесуінде де айтты.

Облыс аумағында Молдова Республикасы кәсіпкерлерінің қатысуымен 5 өндіріс ошағы жұмыс істеп тұр. Олар құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда, қайта өңдеу және жылжымайтын мүлік нарығында.

Инвесторларға жасалған тиімді жағдай, шикізат қорының көп болуы, біздің облысымыздың географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы – аймағымызға инвестиция тарту үшін оң жағдай қалыптастырды. Мен екіжақты қарым-қатынас орнатуда және әріптестікті дамытуда ортақ мүдде болатындығын білемін. Сіздерді біздің экономикамыздың түрлі саласында бірлесіп еңбек етуге шақырамын, – деді облыс әкімі.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button