Спорт
Қос қазақстандық әлемнің үздік 50 боксшысының қатарына енді
World Boxing News салмақ санатына қарамай (pound-for-pound) сәуір айындағы әлемнің ең үздік 50 боксшысының рейтингін жариялады. Бұл тізімге қарағандылық боксшы Геннадий Головкин мен отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы енген.
Тізімді WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы украиналық Александр Усик бастап тұр. Одан кейінгі сатыда жапондық Наоя Иноуэ, мексикалық Сауль «Канело» Альварес, америкалық Эррол Спенс-младший, ресейлік Дмитрий Бивол үздік бестікті түйіндеген.
Ал, IBO титулының иегері Геннадий Головкин – 27-ші, Жәнібек Әлімханұлы – 48-ші орынға жайғасты.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz