АймақҚарқаралы

Қос ауылдың қуанышы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында ауыл медицинасын дамытуға, шалғайдағы елдімекендердің тұрғындарын сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған Ұлттық жоба қолға алынатынын айтқан болатын.

Сурет аудан әкімдігінен

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Ауылдық жердегі денсаулық сақтауды жаңғыр­ту» ұлттық жобасы аясында жаңадан салынған екі фельдшерлік-амбулаториялық пункті Қарқаралы ауданы, Қасым Аманжолов ауылдық округіне қарасты Сарыобалы, Белдеутас елдімекендерінде жаңа жыл қарсаңында салтанатты түрде ашылды.

Ашылу салтанатына Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Дархан Жиенбаев, аудандық аурухана директоры Елдос Мусин, аудандық мәслихат депутаты Ұлан Райымбеков, ­Қ.Аманжолов ауылдық округінің әкімі Ербол Жоламан және ауыл тұрғындары қатысып, жүрекжарды лебізін білдіріп, тарихи сәттің куәсі болды.

Фельдшерлік-амбулаториялық пункттер автономды жылытумен заманауи қамтамасыз етілген. Қажетті медициналық қондырғылар мен құралдар, жиһаз және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған. ФАП-та тексеру кабинеті, фельдшер мен акушердің кабинеті, фильтр, изолятор, екпе кабинеті қарас­тырылған. Қызметке қажетті құралдарды жуу және зарарсыз­дандыруға арналған және мекенжайларға шығу үшін қажетті құралдар салынған медициналық қобдиша табыс етілді.

Аталған жобаның басты мақсаты – ауылдарда медициналық қызмет сапасын жақсарту үшін инфрақұрылымды кешенді түрде жаңғырту.

Ашылған жаңа медициналық пункттерде медбикелер қызмет етеді. Алдағы уақытта ауылға жас мамандарды мемлекеттік бағдарламалар аясында тарту жоспарланып отыр. Шара барысында ФАП құрылысына атсалысып, өз үлесін қосқан азаматтарға аудан әкімінің, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының Алғыс хаты табысталды.

Өз тілшімізден
Сурет автордан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button