Ресми
Қос қария дауыс берді
15 ықшам ауданы, №61 орта мектепте орналасқан №136 сайлау учаскесіне 84 жастағы ақсақал жұбайымен келіп, өз таңдауын жасады.
– Отағасы Азамат Бәйдиев – 84 жаста. Мен – жұбайымын, 76-дамын. 15 ықшам ауданы, 24 үйде тұрамыз. Еліміздің болашағы жарқын болсын! Таңғы шәйді ішпей, дауыс беруге келдік. Дауыс бердік. Енді, үйге барып, шәйді жақсылап ішеміз, асықпай, – дейді Бикеш Тыңғышева.
Егде жасқа келсе де, ел болашағына алаңдап, таңғы ұйқысын қиып, сайлауға келген қос қарияға ел риза болды.
Жәлел ШАЛҚАР,
Оrtalyq.kz