Спорт

Қоржында сегіз медаль

Каратэ спортынан «WKF Ka­zakh­stan open 2023» халықара­лық турнирі Астана шаһарында өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Фран­ция, Ресей және Қазақстанның 650-ден астам каратэшісі ме­даль­дарды сарапқа салды. Кенші­лер астанасынан 22 каратэ шебері бағын сынады.

 

Мығым дайындықпен барған жерлес­теріміз мінез танытып, шеберлігін байқатты. Тартысқа толы болған турнирден сегіз медаль жеңіп алды.
Атап айтсақ, 42 келі салмақта 12-13 жас санатында Николетта Дегтярева II орынды, 14-15 жас санатында Алина Амангельдиева (54 келі) мен Станислав Сухоруков (70 келі) III орынды, 18-21 жаста Никита Тарнакин (84 келі) I орынды, ал, Жәнібек Амангельдиев III орынды иеленді. Осы жас санатында 55 келі салмақта Валерия Рудаковаға, 68 келіде Дарья Терешинаға III орын бұйырса, 18 жастан жоғары санаттағы 84 келіде Никита Тарнакин II орынды місе тұтты.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button