Спорт

Қоржында – күміс, қола

Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық ірі турнирі аяқталды. Оған Азия, Африка, Америка және Еуропа құрлығынан 235 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Аталған жарыста Қазақстан құрамасы жеті жүлде жеңіп алған болатын. Солардың қатарында қос қарағандылық Алан Құрманғалиев пен Злата Стадник те бар.

Сурет дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Жалпы, бұл турнирден отандастарымыз екі күміс және бес қола медаль жеңіп алды. Күміс жүлдені еншілегендердің бірі – қос қарағандылық спортшы. Алан Құрманғалиев U-19 санатында өнер көрсетіп, ақтық кезеңде сүрінді. Ал Злата Стадник жасөспірімдер арасында сынға түсіп, алтынға бір табан жетпей қалды.

Сонымен қатар, ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Нұрдәулет Азаматұлы (U-13), Жәния Бекмұхамбетова (U-13), Арайлым Сапабек (U-13), Қарақат Мейірхан (U-11) және Аделя Әлжанова (U-11) қола жүлде алды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button