Спорт

Қоржынға күміс жүлде түсті

Биатлоншы Александр Мухин Универсиаданың күміс жүлдегері атанды.

Отандасымыз Александр Мухин биатлоннан 15 шақырым масс-стартта қысқы Универсиаданың күміс жүлдесіне қол жеткізді. Бұл Қазақстан қоржынына түскен сегізінші медаль. Ол нысана көздеу кезінде төрт рет мүлт кетіп (0+2+2+0), жеңімпаз француз Аксель Гарньеден 24.8 секунд қалып кетті. Қола норвег биатлоншысы Эрьян Мосенгке бұйырды.

Жарыс жолына шыққан қалған қазақстандықтардан Кирилл Бауэр – төртінші, Вадим Куралес – жетінші, Бекентай Тұрлыбеков 19-орынға тұрақтады.

Басқа материалдар

Back to top button