Қоржынға бес алтын түсті
Қарағандыдағы «Жастар» спорт кешенінде үстел теннисінен мүмкіндігі шектеулі жастар арасындағы ел чемпионаты аяқталды. Бұл чемпионатта жерлестер қоржынға бес алтын салып, жалпыкомандалық есепте ІІ орын иеленді.
Турнирге елдің түпкір-түпкірінен 9 командадан 45 спортшы қатысқан. Жарыс қорытындысы бойынша алты алтын медаль иеленген Атырау облысының спортшылары жалпыкомандалық есепте топ жарды. Үш алтын иеленген Түркістан облысының командасы жүлделі III орынға ие болды.
Жерлестерімізден ұлдар арасында Ержан Амантай, Никита Макаренко, Әлинұр Қайратбек, қыздар арасында Елизавета Байбурина алтын еншіледі.
Спортшыларды тасымалдау, қарсы алу және инваткасимен жеткізіп салу жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Еріктілердің де еңбегі ерекше болғанын атап өткен жөн.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz