Бас тақырып

Орталықтағы балалардың шөптен, химиялық заттардан немесе тамақтан уланғанын сараптама көрсетеді

Аталмыш орталықтағы балалардың 60%-ы – ер балалар. Әрі уланған балалардың бәрі бір топтың, яғни, «Қуаныш» тобының тәрбиеленушілері. Аталған топтың балалары бірдей ауыр халде ауруханаға түссе де, орталықта карантин жарияланбаған. Бұл туралы Қарағанды облысына арнайы келген Денсаулық сақтау министрлігі Ажар Ғиният айтып берді.

 

Бүгінде көпшілік балаларды шөптен, тамақтан немесе басқа да дүниеден уланды деген болжамдар айтуда. Химиялық қоспаларды ойын кезінде пайдаланғаны, тіпті, аспаздар қарапайым шәйнектерді дұрыс пайдаланбағанның салдары деп болжауда. Алайда, бас дәрігер:

– Балалардың неден уланғаны белгісіз. Анализ алынып, талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сараптама қорытындылары 2 апта мен 1 айдың ішінде дайын болуы тиіс. Ал, қорытынды шықпайынша ештеңе айта алмаймыз. Әу баста балаларда әлсіздік пайда болып, іштері өткен. Ауа жетіспеген. «Іш ауруы» деген диагноз қойылып, ауруханаға жеткізіледі. Алайда, «іш ауруы» диагнозы нақтыланған жоқ. Барлық болжамдар қаралуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде. біздің басты мақсатымыз – ауруханада жатқан балаларды аман алып қалу, – деді.

Аталмыш мекеме жайынды әлеуметтік желіде ас мәзіріне қатысты түрлі деректер айтылуда. Аспаздар еңбек демалысына кеткенде орнына адам жетіспей қалатыны туралы сөз болған.

– Қандай да бір төтенше жағдай орын алғанда Астанадан министрліктің штаттан тыс мамандарын оқиға орындарына жібереміз. Әсіресе, мұндай жағдай балаға қатысты болғанда. Арнайы топтар тиісті шараларды атқаруда. Қазірдің өзінде 15 дәрігер консилиум өткізіп жатыр. Оның ішінде Қазастанның бас инфекционист-дәрігері, балалардың бас реаниматолог-дәрігері, токсиколог, психиатр-невролог сияқты дәрігерлер жергілікті мамандармен бірлесіп жұмыс жасауда. Ал, орталықта маман тапшылығы жоқ. Аспаз еңбек демалысына кеткенде орнына өз ішінен лайықты біреуі бекітіледі. Мекемеде 160 маман жұмыс істейді. Сонымен қатар, 115 бейнебақылау камерасы орнатылған. Негізсіз ақпараттарға сенбеулеріңізді сұраймыз, – деді Ажар Ғиният.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button