Бас тақырып

«Орталық» – төрімде!

«Орталық Қазақстан» үйімнің төрінен түспейді. Оқумен өскен буынбыз. Оқу – ойыңды өсіріп, жүрек көзін ашады. Ал, облысымыздың бас газетінде қашан да сапалы дүниелер басылады. Әсіресе, аймақтағы мәдениет жаңалықтарын қапы жібермеймін. Көбіне елене қоймайтын мәдениет саласындағы азаматтардың еңбегі мен жетістіктерін жазып, олардың халыққа танылуына үлес қосып келеді. Осы газет арқылы жұлдызы жарқыраған таланттар баршылық өңірде. Әсіресе, Сәкен театрындағы әр спектакль жазылады мұнда. «Орталық Қазақстан» газеті театр сүйер қауым үшін өте бағалы.

Сурет автордың жеке мұрағатынан

Көзі ашық адам қашан да газет оқитынын ескерген жөн. Қазіргі заманда екінің бірі журналист, блогер болғысы келеді-ақ. Бірақ, қай ақпаратқа сеніп, қайсына назарыңды аударарыңды білмейсің. «Атың шықпаса, жер өрте» деп жанталасқандардың заманы болып тұр қазір. Міне, солар халықты шатастырады. Осы тұста тек кәсіби журналисттер еңбектенетін облыстық басылымға жүгінеміз.

Салмақты сараптамалар мен пікірлер, танымдық мақалалар газеттің шырайын ашып тұрады. Тарихшылардың ғылыми мақалалары мен қаламгерлердің көркем туындыларын асыға күтемін. Жақсы ақындардың жақсы өлеңдері басылса, көңілім марқаяды.

Арқадағы жақсылық жаршысы «Орталық Қазақстан» жасай берсін!

Газетке жазылу бұл күнде әлдеқайда оңай. Қолыңыздағы смартфонмен-ақ жазыласыз. Ана тілімізде басылатын облыстық басылымға қолдау көрсетейік! Газет – ұлттың сауатты болуы үшін ауадай қажет.

Қайрат КЕМАЛОВ,
театр және кино актері,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button