Жаңалықтар

Орталық саябақтағы ортақ істер

Осы аптада орталық саябақта бірқатар іс шаралар өтеді.

Сурет: ұйымдастырушылардан

Атап айтар болсақ, Скандинавиялық серуендеу, музыкалық концерттер, шеберлік сыныптары, сондай-ақ мемлекеттік тілді оқыту бойынша ашық сабақтар.

Сонымен қатар, 8-10 маусым күндері сағат 8.00-ден 9.00-ге дейін скандинавиялық серуендеу өтеді. Барлық маусымдарға арналған билер 9 маусымда сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін өтеді.

Бүгін, 7 маусым күні сағат 17.00-де Кеншілер мәдениет сарайы жанында «Туған жер» концерті өтеді. 9 және 10 маусымда сағат 16.00 – ден 17.00-ге дейін «Как в кино» мектебінің актерлік шеберлік сабағы өтеді.

Бұдан әрі, 10 маусымда сағат 13.30 – дан 14.30-ға дейін мемлекеттік тілді оқыту бойынша ашық сабақтар жоспарланған.

С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық драма театрының театрландырылған қойылымы және 11 маусымда сағат 19.00-де концерттік бағдарлама жоспарланған.

Нұрзат ТІЛЕУБЕРГЕН,

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ІІІ курс студенті

Басқа материалдар

Back to top button