Бас тақырыпЖаңалықтар

Орталық саябақта «Отбасы, сүйіспеншілік пен адалдық» аллеясы ашылды

Балалардың мерекесі күні Орталық саябақта «Отбасы, сүйіспеншілік пен адалдық» аллеясы ашылды. Облыстың жұмысшы мамандықтарының колледж студенттерінің арасында өткен байқаудың жеңімпазы марапатталды. Айта кеткен жөн, жастар бақтағы орындықтарды ең жасампаз және өнерлі етіп жасау бойынша сайысқа түскен болатын.

Фото: ekaraganda.kz

Жоба «Рухани жаңғыру» аясында жүзеге асты. Ерекше аллеялар қала орталығындағы «Кеншілер даңқы» ескерткішінің маңында орналасты. Аллеяда алғашқы кездесу, отбасылық кеңес, мәңгілік адалдық пен неке құру орындықтары орнатылыпты.

Орындықтарды колледж студенттері орындықтарды өздері жасаған. Дәнекерлеуші, электрик, инженер жастар дизаиндарды өздері ойлап тапқан екен.

Ал, жалпы «Отбасы, сүйіспеншілік пен адалдық» аллеясы көпшілік іс-шаралар өткізу арқылы отбасының оң беделін нығайтуына жағдай жасауды көздейді. ондай-ақ, қала түрғындарының отбасы институтына жэне отбасылық құндылықтарына жағымды көзқарасын қалыптастыру, аллеяны көріктендіру және оны одан әрі сақтау барысында қала тұрғындарына оңтайлы туғызу мақсаты көзделген. Бұл туралы Серік Санаубаев айтты.

Серік САНАУБАЕВ, облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры:

Елбасы «Неке және отбасы институтын нығайтып, оның абыройын көтеріп, өнегелік құндылықтарды тірілтуіміз керек. Отбасы, балалар, отбасылық құндылықтар мен салт-дәстүрлер әрқашан біздіц қоғамымыздың және біздің мәдениетіміздің негізі болды да, болып келеді де. Отбасылық қүндылықтарды насихаттап, отбасы мен некенің оң бейнесін, көпбалалық үлгілерді тарату қажет. Табысты отбасы көпбалалы болу керек деп ойлаймын. Атам заманнан барлық халықтарда осылай болган. Адамныц байлығы балалардың болуымен өлшенген» деген болатын.

Бұл жобаға облыстық бюджеттен 2 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді. Қосымша қаражатты кәсіпкерлер бөлмек. Жобаға сондай-ақ студенттер де атсалысады. Жалпы «Рухани жаңғыру» аясында аймақта 5 жыл ішінде 400-ге жуық жоба жүзеге асырылады деп күтілуде. Оған 12 млрд теңге қарастырылған.

Мысалы, «Отбасы аллеясын» жасауға қаражат бөлген Жангелді Бекбаев: «Мен сүйікті қалам үшін бірдеңе жасауды бұрыннан жоспарлаған болатынмын. Маған осы жобаны ұсынды. Сәті түскен соң, жобаға атсалысуды қолға алдым», – дейді.

Мықты де сау отбасы – мемлекетіміздің кепілі. Алдағы уақытта қала тұрғындары әдемі саябақта демалатын болады. Отбасын құрған жастар саябақта суретке түсіп, демалатын болады.

Аяулым СОВЕТ,

«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button