Жаңалықтар

Орталық саябаққа 150 ағаш отырғызылды

Қарағанды Орталық саябағының басты сахнасы маңында 150 шаған ағашының көшеті отырғызылды. Жақын арада саябақта тағы 350 жас ағаш отырғызылмақ.

Көгалдандыру жұмыстарымен «Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы» КМК қызметкерлері айналысады. Қазірдің өзінде мекеме қызметкерлері көшет отырғызу және оларды күту жұмыстарына кірісіп кетті. Осы күзде жөке, үйеңкі, қайың, шие және қарағай отырғызылады.
– Біз көбінесе жапырақты ағаштар отырғызуға тырысамыз, себебі, олар көлеңкелі. Олардың көлеңкесінде қала тұрғындары ыстық күні, орындықтарда демала алады, – деп түсіндірді «Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы» КМК бас инженері Талғат Смайылов.
Оның айтуынша, көпжылдық өсімдіктердің өмір сүру деңгейі көп жағдайда отырғызу технологиясын сақтауға байланысты болады. Біріншіден, ағаш отырғызуды сөл бөліну басталғанға дейін немесе тоқтағаннан кейін отырғызу керек. Ол үшін көктем және күз айлары өте қолайлы. Екіншіден, ағаштың тамыр жүйесіне ауа кіруіне жол бермей, үлкен көлемде аналық топырағы бар сапалы отырғызу материалын ғана пайдалану керек. Үшіншіден, жылы мезгілде аптасына кем дегенде екі рет үнемі суарып отыру қажет.
Сондай-ақ, өткен көктемде Орталық саябақта отырғызылған 150 үйеңкі мен жөке көшеті жерсініп, өсіп кеткені тілге тиек етілді.
Естеріңізге сала кетейік, жақында жаңа триатлон паркінде ауқымды ағаш отырғызу шарасы өткен болатын. Жалпы алғанда, онда 2 мыңға жуық қарағай және мамығы аллергия тудырмайтын теректер отырғызылды.

Басқа материалдар

Back to top button