Жаңалықтар

Орталық референдум комиссиясы халықаралық байқаушыларды аккредиттеу бойынша жұмысты жалғастыруда

2022 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға халықаралық ұйымдардың және шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады.

Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша аккредиттеуге 2 халықаралық ұйым мен 9 шет мемлекеттен 66 байқаушы ұсынылды. Оның ішінде: ТМД байқаушылар Миссиясының құрамында 43 байқаушы және ЕҚЫҰ/ДИАҚБ референдумды бағалау жөніндегі Миссиясынан 10 байқаушы, сондай-ақ Армения, Қырғызстан, Молдова, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия мен Франция елдерінен – 13 байқаушы аккредителді.

Осылайша, бүгінгі таңда Орталық референдум комиссиясы халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден 105 байқаушыны аккредиттеді.

Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу сағат 18:00-де 2022 жылғы 30 мамырда аяқталады.

#ЖаңаҚазақстан #Конституция2022 #janaqazaqstan

@referendum2022_kz

Басқа материалдар

Back to top button