Бас тақырып

«Орталықпен» біргемін!

Мен жалпы оқушы кезімнен «Орталықпен» біргемін. Менің әупірім деп әудемжер жүріп, бір істе жалт еткенімді осы «Орталық» жалаулатып сүйіншілеп отырады.

Сурет автордан

Карантин кезінде ел үйінен шыға алмай қалған қилы кезеңде де елді елең еткізіп, онлайн айтыс өткізіп, халықтың еңсесін көтерген де осы «Орталық» еді. Газет болсаң, «Орталықтай-ақ» бол дер едім.

Аймақта өтіп жатқан мәдени шаралардың бірегей жаршысы да «Орталық Қазақстан» газеті. Облыстың бас­ты басылымның бір оқырманы өзім.

Газет аймақтың тыныс-тіршілігінен бір елі ажыраған емес. Оқырман жұртшылықтың мұң-мұқтажын, театр, ойын-сауық ошақтарының жаңалығын, спорттық шаралар мен саяси орталардың маңызды қадамдарын алғашқылардың бірі болып таратып отырады.

Ең бір тиімділігі – расталған нақ­ты ақпараттың жарияланатыны. Қазір әлеуметтік желідегі көп ақпараттың біршамасы жалған болып жатады. Көпшілік оның әсерінен алданып опық та жеп жатыр. Ал, басылым бе­тіндегі дүниеге күмән жоқ. Себебі га­зет бетіне түсерде ол ақпараттың «жеті рет өлшеніп, бір рет кесілетіні» анық.

Айтпағым Арқа жұртының бар жақ­сылығының жаршысы «Орталық Қазақстан» газетіне жазыла оты­рыңыздар, құрметтілерім! Қазір га­зетке жазылу өте оңай. Бәрімізге қолжетімді ұялы телефонымыздағы Kaspi.kz қосымшасына кіріп, Kaspi QR арқылы жазыла аласыздар.

Дидар ҚАМИ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button