Жаңалықтар

«Орталық» – олжалы

Арқаның аға басылымы 90 жылдық тарихы бар қара шаңырақ, облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінің журналистері қашанда жүлделі көштің басында. Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында киелі орданың қос жүйрігі айтулы марапатты қанжығасына байлады. 

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында аймақтың іргелі өндіріс ошақтарының тыныс-тіршілігін жіті зерделеп, «30 жылдыққа – 30 репортаж» циклдік топтамасын жемісті жүргізіп келе жатқан газеттің шеф-редакторы Нұрқанат Қанапия Қазақстан Журналистер одағының сыйлығына ие болды. 

Ал, көптеген жылдар Арқа журналиситикасына сіңірген қалтқысыз еңбегі үшін тәжірибелі журналист, газеттің Шет, Ақтоғай аудандарындағы меншікті тілшісі Мүсіркеп Сейдахмет «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағына лайық деп танылды.

Іргелі ұжымның мерейін тасытқан қос әріптесімізді марапатымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік, шығармашылық табыс тілейміз!

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button