«Орталық» өңірлік қолбасшылығында бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша әскери кеңес өтті
2025 жылғы маусым айының соңында Қарағанды қаласында орналасқан «Орталық» өңірлік қолбасшылығында ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды әскери кеңес өтті.

Кеңес жұмысын өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы, генерал-майор Сәкентай Амантайұлы Шекарбеков ашып, жеке құрамның жарты жыл ішінде атқарған қызметін қорытындылап, келесі кезеңге қойылатын міндеттерге тоқталды. Өз сөзінде Сакентай Амантайұлы Шекарбеков әскери бөлімдер арасындағы үйлесімділік пен сапалы басқарудың маңыздылығына назар аударып, алдағы уақыттағы негізгі басым бағыттарды нақтылады.
Кеңес барысында өңірлік қолбасшылық штабының офицерлері өз салалары бойынша баяндамалар жасап, жауынгерлік дайындық, тәрбие және идеологиялық жұмыстар, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, құқықтық тәртіп пен әскери тәртіпті сақтау, кадр жұмыстары мен әлеуметтік бағыттағы іс-шаралар бойынша егжей-тегжейлі есеп берді.
Сондай-ақ, әскери кеңес аясында бірқатар әскери бөлімдердің командирлері тыңдалып, олардың есептері негізінде талдау жасалып, алдағы екінші жартыжылдыққа арналған нақты тапсырмалар мен жоспарлар белгіленді.
Бұл кеңес – жеке құрам жұмысының тиімділігін арттыруға, қолбасшылық пен бөлімдер арасындағы өзара байланысты нығайтуға, әрі әскери қызметтің барлық бағыты бойынша жоспарлы әрі жүйелі жұмыстарды жалғастыруға бағытталған маңызды қадам болды.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ баспасөз қызметі