Жаңалықтар

«Орталық Қазақстан» редакциясына құнды қолжазба түсті

Нарманбеттанушы Амангелді Туғанбай Ақтабан шұбырынды жайында ақын Топыш жырлаған «Елім-ай» жырының  нұсқасын редакцимызға табыстады.  Жинаушылары белгілі қазақ қаламгерлері Мұхтар Мағауин мен Әбіш Кекілбайев. Бүгінде Америка құрылығында тұратын Мұхтар Мағауинге хат жолдап, қолжазбаның сол кісіге тиесілі екендігін нақтыладық.

Қос қаламгер 1958 жылы КазГУ-дың филология факультетінде оқып жүрген кезінде   Шымкент облысы, Түркістан ауданы, М.Горький атындағы колхоздың тұрғынынан жазып алған.

Жырдың Топыш нұсқасы мен А.Туғанбайдың мақаласы газетіміздің алдағы санында жарияланады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button