«Орталық Қазақстан» газетінде – жаңа басшы
Бүгін аймақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВ «Облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің редакциясы» ЖШС жаңа Директор – Бас редакторын таныстырды.
Арқаның аға басылымына 1997 жылдан бері басшылық еткен Президент сыйлығының иегері, қаламы қарымды журналист Мағауия Сланбекұлы СЕМБАЕВ зейнет жасына жетуіне байланысты Директор – Бас редактор қызметінен босатылды. «Орталық Қазақстан» басылымының Директор – Бас редакторы лауазымына осы газеттің мектебінен өтіп, ел газеті «Егемен Қазақстанда», ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде жауапты қызметтерді атқарған Қамбар Жұмағалиұлы АХМЕТОВ тағайындалды.
Қамбар Жұмағалиұлы АХМЕТОВ
1978 жылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген.
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың түлегі
Журналистикадағы еңбек жолын «Балқаш өңірі» қалалық газетінің тілшісі қызметінде бастаған.
2004-2006 жж. Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде тілші;
2006-2007 жж. Қарағанды облыстық «Балқантау» газетінде тілші;
2005-2008 жж. «Қазақстан баспасөз клубы» АҚ Қарағанды облысы бойынша өкілі;
2007-2014 жж. Республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газетінің тілшісі;
2010-2013 жж. Baq.kz ақпараттық агенттігінің Бас редакторы;
2013-2014 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Интернет жобалар бөлімінде Бас редактор;
2014-2016 жж. «Нұр Отан» партиясы «Электрондық партия» медиа редакциясы интернет-ресурсының басшысы;
2016-2018 жж. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі;
2018 жылдан «Егемен Қазақстан» республикалық газеті Бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған;
Үйленген, үш ұлы, бір қызы бар.
ҚР Президентінің Алғыс хатымен;
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.