Жаңалықтар

Орталық қайта оралады

Қарағандылықтар үшін жағымды жаңалық. Қазыбек би ауданының №3 Халыққа қызмет көрсету орталығы көпшілікке таныс бұрынғы мекенжайына, С.Мұқанов көшесі, 5-үйге қайта көшіріледі.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Бұл ғимарат тұрғындарға жақсы таныс. Он жыл бұрын дәл осы жерде аталған орталық орналасқан болатын. Енді 2025 жылғы 14 шілдеден бастап, тұрғындар баяғыдай мемлекеттік қызметтерді дәл осы мекенжайдан алады.
Қазір бұл нысанды мамандандырылған ХҚКО пайдаланып отыр. Мұнда жүргізуші куәлігін алу үшін емтихандар қабылданып, дайын куәліктер беріледі. Енді №3 ХҚКО осы ғимаратпен бөлісе отырып, толыққанды жұмысын жалғастырады. Ал әзірге, 14 шілдеге дейін орталық Шахтерлер даңғылы, 5/2 мекенжайында жұмыс істей бермек.
Қаланың басқа бес ХҚКО-ы өз орындарында өзгеріссіз жұмысын жалғастыратынын атап өткен жөн.
Бұл орталықтардың қызмет көрсету уақыты да әртүрлі. Мысалы, №5 ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін таңғы 09:00-ден кешкі 20:00-ге дейін, ал, сенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Қалған ХҚКО-лар азаматтарды жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Back to top button