Жаңалықтар

Орманды өрттен қорғайық

Табиғат берген байлықты сақтап, орман қорын қорғау – адамзаттың борышы. Оған жол бермеудің алғы шарттарын қатаң сақтау қажет.

Орман және дала өрттерінің алдын алуға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары аудан көлеміндегі мекемелерде жиі жүреді. Ескерту хаттары таратылады. Орманға барар жолдарда, демалатын жерлерде хабарламалар арқылы өрттен сақтандыру шаралары жүргізіледі. Алайда, орман-тоғайлы жерлер маңында демалушылар хабарламаларды ескере бермейді. Демалыс аймағына қоқыс лақтырып, қалдықтарды шашып кетеді. Егер демалушылар ескертулерге мұқият қараса, орманды өрттен сақтау жұмыстары жеңілдейді.

Орман өртін сөндіру оңай шаруа емес. Соны біле тұра оған жол бермеудің алғы шарттарын қатаң сақтау қажеттігін  естен шығарады. Жаз айларында өрт жиі орын алатындықтан, ол алдымен елді-мекенге көптеген шығындар келтіреді.  

Орман шеберлері орман-тоғайларда өрт орын алса оңайлықпен сөнбейтінін біледі. Өрт алдымен айналасындағы бірнеше шақырым жерге дейінгі өсімдік ағаштарын, аң-құстардың ұяларын жояды. Бау – бақша егу мақсатындағы егістік жерлерге де зиянын тигізеді. Сондықтан, өрт қауіпсіздігі шараларына аса мән беру қажет.

Шөп-шалаңды бей-берекет жағудың арты орман-тоғай өртіне айналады. Сол себепті табиғат берген байлықты сақтап, орман қорын қорғайық.

Әнімет АХАНОВ,

Қызыларай орманшылығының орман шебері.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button