Жаңалықтар
«Оркен» көшесіндегі орталық кәріз жүйесі суға толып кетті

Қарағандыда 27 наурызға қараған түні еріген қар суының шамадан тыс көп болуына байланысты Майқұдықтағы «Оркен» көшесіндегі орталық кәріз жүйесі суға толып кеткен. Салдарынан диаметрі 1000 мм болатын темірбетонды кәріз құбырының жоғарғы жағы опырылып түсті.
Қазіргі уақытта опырылған жер қоршауға алынды. Мамандар оқиға орнына дер кезінде барып, тиісті жұмыстарды істеуде.
– Таңертеңнен «Қарағанды Су» ЖШС бригадасы іске кірісті. Олар көше бойындағы кәріз коллекторының апатты бөлігін ауыстыруда. Апатты кәріз жүйесінің ұзындығы шамамен – 70 метр. Ал, жұмыс істеп тұрған коллекторларға тиіскен жоқпыз. Сол қалпы тұр, – деді «Қарағанды» Су ЖШС-нің баспасөз қызметі.
Ербол ЕРБОЛАТ.
Оrtalyq.kz