Бас тақырып

Ордалы «Орталығым»!

Аймағымыздың бас басылымы «Ortalyq Qazaqstan» газетімен бала кезден бері қол үзбей келеміз.

Біздің рухани байып, болмысымызды қалыптастыруға өзіндік септігі тиді. Газет қолымызға тие сала, оқып шығуға ұмтылатын едік. Газет-журналды оқып, оны талқылау қалыпты қағидамызға айналды. Біз сол арқылы тәлім көріп, тәрбие алдық. Арманымызға қанат қақтық. Өзім де осы саладан алыс болмадым. Журналистика жаныма жақын болды. Жазуды жақсы көремін. Ал, жазатын адам іздеп жүріп оқиды. Мен де «Орталықтың» іздеп жүріп оқитын оқырманымын.

Сурет автордан

Басылымға шексіз ризамыз. Қандай да бір жетістікке жетсек, жарқыратып көрсетіп жатады. Сөйтіп, бала кезден оқып өскен газетім жанашырыма, қолдаушыма айналды. Қазір де «Орталық» жұмыс үстелімде. Қарбалас жұмыстан қолым қалт еткенде оқып шығамын. Басылымның бағыты да айшықты. Сан саланы қамтиды. Денсаулық, саяси, рухани жаңалықтың бәрі бар. Газетті үзбей оқып отырған жан өңірдің тыныс-тіршілігінен хабар алады. Жылт еткен жаңалықты дәйекті етіп, талдап, сараптап жазады. Сонысымен де газет құнды. Әр оқырманымен бағалы. Қазір газетке жазылу науқаны жүріп жатыр екен. Оның үстіне жазылуды тиімді етіпті. «Kaspi.kz» қосымшасы арқылы QR кодпен ғана. Бұрынғыдай поштаға барып, кезек күтпейсіз. Замана көшінен қалмай, оқырманға оңтайлы жағдай жасап берген білікті медиаменеджерлер топтасқан ұжымға табыс тілейміз! Ормандай оқырманы бар «Орталықтың» елге сүйіншілер жаңалығы көп болсын демекпіз!

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ,
«AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button