Бас тақырып

Ораза айт мерекесіне орай ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылды

Қарағанды мешіттерінде Ораза айт намазы таңғы 7:00-де басталды. Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде айт намазына 8 – 10 мың аралығында жамағат жиналды. Ішке сыймаған халық мешіт ауласында сап түзеп, ғибадатын сыртта жалғастырды. Намаздан кейін Құран оқылып, еліміздің амандығы мен асыл дініміздің өркендеуі үшін дұға жасалды.

Сурет: ұйымдастырушылардан

 

Мереке аясында мешіт ауласында қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды. Айт мейрамына жиналған қауым спортшылардың сайыстарын тамашалады.

Қызықты ұлттық ойындардың бірі арқан тарту сайысы болды.

Бұл бәсекеге 24 команда қатысып, әр командадан 5 адамнан додаға түсті.

1-орын – «Найман» командасы – 50 000 теңге;

2-орын – «Қырғыз» командасы – 30 000 теңге;

3-орын – «Асу» командасы – 20 000 теңге иеленді.

Қой көтеру сайысында 70 кг. тартатын қошқар ең көп көтерген адамға сыйға берілді.

Олжас Торбаев қошқарды 81 рет көтеріп, жеңімпаз атанды.

Кейінгі кезде жоғалып бара жатқан ойынның бірі ләңгі тебу сайысы. Бұл ойынға да шеберлік пен ептілік және мол тәжірибе қажет. Бұл сайыста

1-орын – Садуллаев Ислам – 30 000 теңге;

2-орын – Абдраев Асқарбек – 20 000 теңге;

3-орын – Сулаймонов Начибулло – 10 000 теңгені қанжығасына байлады.

Осы сайыстардың ішіндегі ең қызықты да, көпшіліктің асыға күткен спорт жарысы – Қазақ күресі.

82 келіге дейінгі салмақта өткен қазақ күресіне 60 балуан қатысып, сайыс көрерменнің қызу қолдауына ие болды. Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Бірінші орынға көрген адамды тамсандырмай қоймайтын, түр-тұлғасы келіскен жүйрік тұлпар бәйгеге тігілді.

Қайырғали Төлепберген (жүйрік тұлпар иегері)  – 1-орын;

Мәуленин Әбілхайыр – 200 000 теңге – 2-орын;

Қолдасов Нұрбек – 100 000 теңге 3-орын;

50 000 теңгелік «Көрермен көзайымы» аталымы Қожин Мәуленге бұйырды.

Мереке аясында мешіт ауласында ұлттық спорт ойындары мен қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, 2000 адамға арналып дайындалған ыстық палау таратылып, жамағатқа тегін ас үлестірілді. Сонымен қатар, мешіт ауласында қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button