Жаңалықтар

Орал – Қасым – Кеңес ЖҰМАБЕКОВ

 

Жарыған уызына Жағалбайлы,
Жылқысын көптігінен баға алмайды.
Жаралған сол тұқымның бір ұлы едің,
Толғадың қоғам жайлы,
Заман жайлы.

Қаратпай Оралдағы қалқаларға,
Тәңірі жебеп сені жар табарда,
Қасымның аруағы айдап келіп,
Күйеу боп жүрсің біздің Қарқаралға!

Сәкен де, Сарыарқа да, бәрі осында,
Кенелген тәңіри бір жарасымға.
Тек Құдай білетін бір байланыс бар,
Қасым мен Оралыңның арасында!

Алаш деп соғады ылғи жүрегің кеп,
Өзіңді сүйген мен бір ұл едім деп.
Советтің заманында елден ерек,
Ойнадың сахнада Ленин боп!

Жаныңды не бір ойлар мазалап кеп,
Егемен ел болу бір ғажап-ақ деп,
Ленин келмес жаққа кетсе-дағы,
Сен қалдың Сарыарқада азамат боп!

Қашан да Кең Ағам деп жүремін мен.
Сенімен қайда жүрсем бір едім мен.
Үзіліп түскен маған бір тамшысың,
Орал мен Қасымымның жүрегінен…

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button