Бас тақырып

«Орал-Қарағанды» бағытында әуе рейсі іске қосылды

23 қыркүйектен бастап Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежайдан Орал-Қарағанды бағытында жаңа әуе рейсі іске қосылды.

Сурет qazdauiri.kz

Әуе рейстері аптасына екі рет, сейсенбі және жұма күндері қатынайды.

Еліміздің батысын Орталық Қазақстанмен байланыстыратын рейсте билет құны мемлекет тарапынан жәрдемқаржы бөлініп, 25 мың теңге болады деп белгіленген. Жолаушыларға Scat әуекомпаниясы 50 орындық Bombardier CRJ-200 ұшақтарымен тасымалдамақ.

– Жаңа рейстер Батыс және Орталық Қазақстан арасындағы әуе қатынасының мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге, жолаушылардың ыңғайлылығын және өңірлер арасындағы іскерлік, туристік және мәдени байланыстарды қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Билеттер әуекомпанияның сайтында және әуебилеттерді сататын онлайн сервистерде сатылады, – деп хабарлады Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button