Қорқыт туралы телехикая түсіруді ұсынды
Әзербайжанның әйгілі жазушысы Анар Расул оғлы Рзаев барлық түркі мемлекеттері бірігіп Қорқыт туралы телехикая түсіруді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әзербайжан мен Қазақстанды терең тарихи тамырластық пен ортақ дін байланыстырады. Ал, қазіргі дәуірде экономика мен саясат біріктіріп тұр. Екі елдің тәуелсіздік дәуірінде осы бірліктің негізін Гейдар Әлиев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалап кетті. Нұрсұлтан Назарбаевтың Бакуде басылған кітабына алғысөз жазғаныма қуаныштымын. Біздің Қазақстанмен рухани байланысымыз соңғы екі ғасырда тіптен астасып жатыр. ХІХ ғасырда Низами Гәнжауи қыпшақ аруы Аппақпен отау құрып, ерте айырылқан. Соның күйігінен «Сенсіз» атты әйгілі өлеңін жазды. Бұл өлең кейін романсқа айналды… Ал Қорқыт екі халықтың ортақ бабасы. Әзербайжан ЮНЕСКО-ның қолдауымен Қорқыттың 1300 жылдығы тойлады. Күй атасы туралы фильмдер түсіріліп, кітаптар шықты. Мен қырғыз, өзбек, қазақ, түрікмен сияқты бауырлас мемлекеттердің бірлесіп Қорқыт туралы телехикая түсіргенін армандаймын», – деді Анар Рзаев.
Еске салсақ, елордада Азия қаламгерлерінің І форумы өтіп жатыр. Оған әдебиет бойынша Нобель сыйлығының 3 номинанты қатысуда.