Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Камалетдинов Сұлтан Бүркітбайұлы өңірдің Приозерск гарнизонының 06708,18405,44841,60601 әскери бөлімдеріне барды.
Мұнда ол әскери шақыру бойынша әскери қызметшілер мен кездесті мерзімді қызмет сарбаздарына арналған жаңа тұрғын үй модульдерін әскери бөлімдердің асханаларын қарап шықты. Сапар барысында әскери техниканы күтіп ұстауға және техникалық қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөлді.Әскери бөлімдердің офицерлік құрамы бірқатар тапсырма алды.
Сонымен қатар, Қорғаныс министрінің орынбасары Сара Шаған полигонында өтетін әскери міндеттілердің оқу-жаттығу жиынына дайындық барысын бақылап отырды.
Думан ЖҰМАШҰЛЫ,
Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы