Ономастика – маңызды мәселе
Бүгінгі таңда ономастика – қазақ тілінің ажырамас бөлігіне айналғандықтан, ерекше жүйе ретінде қаралып, қолданысқа енді. Осы саладағы жұмыстардың жүргізілу бағыты Абай ауданында сәтті жүзеге асырылуда. Мәселен, Самарка ауылдық округі және Ақбастау ауылдық округінің Юбилейное ауылында, Есенгелді ауылдық округінің Сәрепті ауылындағы көшелерінің атауы толықтай дәстүрлі қазақы танымға сай сәйкестендірілді.
Мемлекеттік бағдарламада ономастика мәселесіне қатысты маңызды индикатор бар. Ол – ономастикалық комиссияның шешім қабылдауы барысында тұрғындар арасында қоғамдық қолжетімділікті орнатып, ашықтық қағидаттарын сақтау. Осы орайда Мәдениет және спорт министрлігі әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктеріне, объектілерге беруге ұсынылатын тарихи тұлғалар мен дәстүрлі атаулар тізімдерінің өзекті нұсқаларын ұсынды. Ұсыныстер негізінде Абай ауданы бойынша Школьная – Шамшырақ; Центральная – Жолашар; Мира – Бейбітшілік; Молодежная – Жастар; Зеленый – Жасыл ел; Заводская – Наурыз; Новая – Самал және тағы басқа көптеген елді мекендердің атауларын қалпына келтіру жұмыстары жүрді.
Жалпы, 2014-2018 жылдар аралығында ономастика комиссиялары тарапынан Абай ауданы бойынша қолдауға ие болған 104 көшенің атауы қайта өзгертілді. Алдағы уақытта Құлайғыр ауылдық округі мен Құрма ауылдық округінде көше атауларын қайта атау туралы құжаттар тізімдемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысы негізінде мәслихаттың тұрақты комиссиясында қарастырылып, облыстық ономастика комиссиясына ұсынылмақ.
– Мемлекеттiк тiл caяcaты жайлы айтқанда, қaзaқ ономacтикacы сол тілдің құpaмдac бөлiгі екенін ұмытпаған жөн. Қазіргі таңда ономастика саласы тіл саясатының басым бағыттарының бірі ретінде көптілді, көпұлтты елімізде үлкен саяси-әлеуметтік, мәдени маңызға ие болып отыр. Дегенмен, көше атауларына қатысты урбанонимдер, жарнамалар, көрнекі ақпараттарға қатысты шешілмей жатқан мәселелер көп. Көше атауларына байланысты қажетті құжаттар мен негіздемелер, тіпті, кейбір көше атауларының нақты кімнің есіміне байланысты аталғандығы, атау берілген көшеге тек қана тегі жазылып, кісінің есімінің кім екендігі белгісіз жағдайлар да жиі кездеседі. Осындайда көбіне ҚР «Тіл туралы» Заңының талаптарына және «Ономастика туралы» Заңға жүгінген дұрыс.
14 қарашада Сәрепті ауылдық әкімі аппаратынында Сәрепті ауылының және Дзержинский селолық округінің қайта аталуы бойынша қоғамдық тыңдау өткізу жоспарлануда, – дейді Абай ауданы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Эльмира Ахметжанова.
Биыл Абай ауданы бойынша жергілікті баспасөз бетінде ономастика жұмыстарына арналған 18 мақала жарық көріпті. Шағын мақалаларды әлеуметтік желілерде тұрақты жариялау жұмыстары да жолға қойылған. Тілдерді дамыту бөлімі мамандарының айтуынша, дәл қазіргі таңда ономастикалық атаулардың маңызы зор. Өйткені, oмонимдеp елiмiздiң тыныc-тipшiлiгiне қaжеттi бaғыт-бaғдap беpетiн тaңбaлық қызметiнен бacқa да үлкен қоғaмдық-caяcи мaңызғa ие. Қоғамға қызмет етіп, iлгеpi дaмытуға сеп.
Аяулым СОВЕТ