Медицина

Онкологиялық тексерістен өтіңіздер

Осы сенбі,4 ақпан күні Қарағанды қаласының №3 көпсалалы ауруханасында ашық есік күні өтеді. Бұл күні асқазан, сүт бездері, өкпе және басқа да жеті түрлі бағыт бойынша кабинеттер 09.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін аталған аурухананың амбулаториялық-емханалық қызмет басшысы Анатолий Красножен баспасөз конференциясы барысында айтты.

Сурет: bridgehealth.bg

Аталған шара  4 ақпан – Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орайластырылған онкүндік аясында өтеді. Мұндай қабылдаулар  барлық емхаларда да ұйымдастырылады.  

Онкологиялық ауруларды алғашқы сатысында анықтау үшін 2008 жылдан бастап сүт безі обыры, жатыр мойны обыры және колоректальды обырға скринингтер жүргізіліп келеді.  2014-2017 жылдардан бастап қуық асты безі, өңеш және асқазан обырына, гепатоцеллюлярлық обырға скринингтер жүргізілді.

Мамандардың айтуынша, қатерлі ісіктің кез келген түрінде бастапқы кезде ешқандай белгілер байқалмайды. Сондықтан белгілері болмаса да дәрігерлік тексеруден өтіп тұруға кеңес береді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button