Қарағанды

Онкүндік ойдағыдай өтті

     Ақпан айында Қарағанды қаласындағы №59 орта мектепте «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік өтті.

Онкүндік аясында «Алтын жүректі анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы, «Мейірімділік – асыл қасиет», «Өнеге – отбасынан» тақырыптарында дебат, сынып сағаттары, «Жақсы әлем – жан шуағы» атты сурет сайысы, «Жүректен – жүрекке» атты қайырымдылық акциясы, «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсат – шығармашылық арқылы оқушылардың махаббатын оятып, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу. Мұғалімдер қосымша материалдар, слайдтар қолданғанының арқасында арнайы шаралар мен сабақтардың мәнісі арта түсті. Оқушылар белсенділігіне көңіл толып, көз қуанды. Шара соңында жақсы суреттерімен көзге түсіп, сабақтарға белсене қатысқан оқушыларға мадақтама берілді.

А.ӘБІЛХАЕВА,

59 орта мектептің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button