Жаңалықтар

ONAY!: картаның бірнеше санатында мерзімі аяқталды

30 маусымда Қарағанды қаласының ​тұрғындарының қолындағы ONAY! жол жүру картасының бірнеше санатында мерзімі аяқталды. Сол күннен бастап күндізгі оқу нысанындағы барлық оқу орындарының оқушылары мен студенттері бұдан былай мерзімі өткен жол жүру картасымен жүре алмайды. Олар енді әлеуметтік картаны пайдалануы үшін қайта қалыпқа келтіруі тиіс.  

Бұл туралы ONAY! Қарағанды ​​филиалының мамандары:

– Жәрдемақыны ұзарту үшін мектепте оқитын балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері (9-сыныптан кейін) ONAY! қызмет көрсету орталығына хабарласуы керек. Немесе, Коммунальная көшесі №3 барып біле алады. Тіркеу және жеңілдік карталарын беретін пункттерге баратыныңызда өзіңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі мен оқу орнынан анықтама ала бару шарт, – деді.

Ал, орта арнаулы және жоғары оқу орындарына түсетін болашақ студенттер оқуға түскеннен кейін қыркүйек айында шығатын бұйрықты тосуы керек, сонымен қатар, қалалық автобустарда тегін жүру үшін 7 мен 18 жас аралығындағы балалар да арнайы ONAY! картасына өтініш бере алады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button