Спорт

Облыс спортшылары Колумбиядан он бір медаль олжалады

Колумбияның Медельин қаласында көркем жүзуден Әлем кубогының алғашқы кезеңі өткен болатын. Аталған сайыста Ұлттық құрама сапында бақ сынаған Қарағанды облысының спортшылары маусымды жоғары деңгейде бастап, 11 медаль жеңіп алды. Оның үшеуі – алтын, бесеуі – күміс болса, үшеуі – қола жүлде.

Сурет облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Атап айтсақ, топтық сайыста сынға түскен Карина Магрупова, Ксения Макарова және Наргиза Болатова 189,9 ұпай жинап, еркін бағдарламада І орынға ие болды. Ал, дәл осы аталым бойынша күміс жүлде – Колумбия, қола медаль – Бразилия командасына бұйырды. Ал, акробатикалық бағдарламада сынға түскен Карина Магрупова, Ксения Макарова және Наргиза Болатова Виктор Друзинмен жұбы 162,9 ұпай жинап, ел қоржынына күміс жүлде салды.

Микс-дуэттер арасындағы еркін бағдарламада өнер көрсеткен Виктор Друзин мен Наргиза Болатова жұбы қола медаль еншілеп, ел қоржынын еселеген болатын. Сонымен қатар, Виктор Друзин жеке орындаудағы техникалық бағдарламасында да жүлдегерлер қатарынан көрініп, қола жүлдені қоржынға бөктерді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button