Омар құпиясымен бөліседі
«Алтын ғасыр» галереясында алматылық суретші Омар Миранданың жеке көрмесі ашылады. Көрмеге суретшінің акрилмен кенепке салынған портреттері мен автопортреттері қойылады. Онда автордың адам психикасы мен эмоцияларын негізге алғаны байқалады.
− Кенептер көрме үшін арнайы жасалған. Әр адамның ішінде өз құпиясы болады. Және сол құпияны сақтауға тырысады. Бұл адамдардың ішкі сезімдерінде шиеленіс тудырады. Мен құпияларыммен бөлісудің жолын таптым, оларды көре білген адам мені естігендей болады. Көрме әлемді танудың және бақытты өмір сүруге тырысудың жолдарын іздейтіндер үшін қызықты, – дейді автор.
Омар Миранда 24 жаста, ол Алматы қаласында дүниеге келіп, О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжін аяқтаған. Бұған дейін жұмыстары Шымкент пен Алматы қалаларының жеке галереяларында қойылған.
Көрме 28 шілдеден 4 тамызға дейін жалғасады.
Қарақат ҚҰРМАШЕВА,
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің II курс студенті