Бас тақырыпЖаңалықтар

Олжас Бектенов: «Ел экономикасы 4,8 пайызға өсті»

Бүгін Астанада Президент төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов баяндама жасады, деп хабарлайды ortalyq.kz  Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: ortcom.kz

Премьер-министр Үкімет өткен жылы депутаттық корпуспен өзара бірлесіп, еліміздің одан әрі дамуына бағытталған бірқатар маңызды заңдар әзірлеп, қабылдағанын айтты.

Ал экономикалық өсім 4,8 пайызды құраған. 

«Ауыл шаруашылығында  – 13,7%, құрылыста – 13,1%, саудада – 9,1%, көлікте – 8,5% деңгейінде өсімге қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9%-ға ұлғайды», деді Олжас Бектенов баяндамасында. 

Олжас Бектенов сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету  және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту, Үкіметтің басты басымдықтары болып қалатынын мәлімдеді.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button