Бас тақырыпЖаңалықтар

Олимпиадашыларға сыйақы беру туралы қаулы қабылданды

Қазақстан Үкіметі 2024 жылы Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада және XVII жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ынталандыру мақсатында ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ortalyq.kz Egemen.kz.сайтына сілтеме жасап.

Сурет: Туризм және спорт министрлігі

Қаулыға сәйкес, Үкімет резервінен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына арналған сыйақылар бөлініп, 49 спортшы мен 63 жаттықтырушы қаржылай қолдауға ие болды.

Қолданыстағы заңнамаға сай, Олимпиада және Паралимпиада ойындарында орын алған спортшыларға келісідей мөлшерде сыйақы төленеді:

  • 1-орын — 250 000 АҚШ доллары;

  • 2-орын — 150 000 АҚШ доллары;

  • 3-орын — 75 000 АҚШ доллары;

  • 4-орын — 30 000 АҚШ доллары;

  • 5-орын — 10 000 АҚШ доллары;

  • 6-орын — 5 000 АҚШ доллары.

Сондай-ақ бұл төлемдер спортшылардың жеке жаттықтырушыларына және бас жаттықтырушыларына да беріледі.

Бұдан бөлек, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге жергілікті атқарушы органдар тарапынан қосымша қолдау көрсетіліп жатыр. Атап айтқанда, әкімдіктер спортшыларға жергілікті тұрғын үй қорынан тегін пәтер береді.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button