Жаңалықтар

Олег СОСКОВЕЦ: “Қазақстанның демократиялық бағытта дами беретініне кәміл сенемін!”

Халықаралық байқаушылар қатарындағы Олег Сосковец елімізде өтіп жатқан ҚР Президенті сайлауына қатысты пікірін білдірді. Қазақстандықтарды айтулы күнмен құттықтаған ол сайлаудың ерекше жағдайда өтіп жатқанына да тоқталды.

Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізіп, сайлау мерзімі мен өткізу тәртібін белгіледі. Әлбетте, мұның барлығы маңызды өзгерістер. Қарағандыда болған бір апта уақыт ішінде сайлауға дайындық барысымен толық танысып үлгердім, – дейді Олег Николаевич.  

Байқаушының айтуынша, ең алдымен назарын аудартқаны – Президент сайлауына кандидаттардың тең дәрежеде ұсынылуы. Яғни, үміткерлердің арасында Қазақстанның қазіргі Президентінің болғанына қарамастан, бөліп-жару жоқ әрі барлығына бірдей басымдық берілген. 

Әр кандидат туралы ақпараттың барлығы қолжетімді әрі демократиялық тұрғыда ұсынылған. Бұл үлкен құрметке лайық, – дейді ол. 

Облыс орталығындағы сайлау учаскелерін аралаған Олег Сосковец Қазақстанда аға буын өкілдері сайлауға ерекше құрметпен қарайтынын да айтады. «Сайлау учаскелері ашылғаннан балаларын, немерелерін жетектеп, дауыс беруге келді. Олар сайлаудың бетке ұстары десе де болды» дейді Олег Николаевич. 
Халықаралық байқаушы сайлау барысында сынға ұшырайтындай ешқандай жағдай болмағанын да айтады. Дайындық та тыңғылықты. 

Бастысы – комиссия мүшелері дауыс беруге келгендерді ерекше көңіл күймен қарсы алып, шығарып салуда. Мен Қазақстанның демократиялық бағытта дами беретініне кәміл сенемін! – дейді ол. 

Салтанат ІЛИЯШ

Басқа материалдар

Back to top button