Спорт
Қола медаль қоржында
Қарағандыда «Динамо» денешынықтыру және спорт қоғамының X ведомствоаралық спартакиадасы мен құқық қорғау органдары, арнайы және күш құрылымдары арасында қоян-қолтық төбелестен Ішкі істер министрлігінің X чемпионаты мәреге жетті.
Спартакиадаға 33 команданың 334 спортшысы қатысты. Мұнда әйел-қыздар да өнер көрсетті.
Спартакиадада командалық есепте III орынды – Ұлттық ұлан өкілдері, II орынды – «Динамо» ДСҚ командасы, ал I орынды ІІМ командасы иеленді.
Қоян-қолтық төбелестен ІІМ чемпионатында III орынды – Маңғыстау облысы ПД командасы, ІІ орынды – Атырау облысы ПД құрамасы, ал I орынды Қарағанды облысы ПД командасы жеңіп алды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz