Жаңалықтар
Октябрь ауданы Әлихан Бөкейхан атындағы аудан болып өзгертіледі

Облыстық мәслихаттың кезекті IX сессиясында өткен жылғы бюджет қаржысының игерілуі, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған бағдарламаның орындалуы және өзге де маңызды мәселелер қаралды. Сондай-ақ, Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына және Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мереке қарсаңында Қарағанды қаласының Октябрь ауданының атауын ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН атындағы аудан деп өзгерту туралы Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫСЫ және облыстық мәслихаттың шешімі депутаттардың бірауыздан мақұлдауымен қабылданды.