АймақҚарағанды

Қойлыбай Асанов – «Еңбек ардагері»

Кеше, 21 мамыр елімізде Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні атап өтілді. Мерекеге орай, мәдениет саласы қызметкерлері Астана балет театры ғимаратында құрметке бөленді. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен өткен салтанатты шараға еңбек сіңірген өнер және мәдениет қайраткерлері, сала қызметкерлері мен ардагерлер қатысты.

Сурет: Қойлыбай Асановтың жеке мұрағатынан

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз сөзінде қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, жоғары нәтижелері мен адал еңбектері үшін алғыс білдірді.

Аида Балаева саланың үздік 50 өкіліне «Еңбек ардагері», «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін, грамоталар мен Алғыс хаттар табыс етті.

Бұл қатарда Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Қойлыбай Асанов – «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Жалпы, кәсіби мереке құрметіне Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық наградалары саланың 1500 қызметкеріне табысталды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button