Спорт
Ой жарысынан олжамен оралды
Тоғызқұмалақтан Түркияда өткен Әлем чемпионатында жерлестеріміз жүлдемен оралды. Әлемнің 14 елінен қатысқан 100-ге жуық спортшы классика, рапид және блиц түрінен бақ сынап, өзара мықтыны анықтады.
Тоғызқұмалақтың классика түрінен бақ сынаған Асылхан Қожанәсіп қарсылас шақ келтірмей, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Ал, блиц түрінен сынға түскен Аңсаған Қожанәсіп ІІІ орын иеленсе, мангала бойынша өнер көрсеткен Жақсылық Рахымжан қола жүлдегер атанды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz