Жаңалықтар

Қобыз үн

Киелі қара қобыздың
Сарыны бөлек,
Жыршы еді.
Ысқылай беріп
Оғыз – мұң,
Үзіліп тынды
Қыл – ішегі…

Айналып тұлпар
Пыраққа,
Барады маңып
Жыраққа.
Үзілсе де
Қобыз үн,
Сарыны қалды
Құлақта!..

Cерғазы ҚАБЫЛДАҰЛЫ
Қарағанды

Басқа материалдар

Back to top button