Ресми

Облысымызда бірқатар жаңа тағайындаулар болды

Бүгін аппараттық кеңесте Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев әділет және статистика департаменттерінің жаңа басшыларын  таныстырды.

Қарағанды облысының Әділет департаментінің басшысы болып Арсен Тезекбаев тағайындалды. Ол президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2009 жылы Қарағанды облыстық прокуратурасының бас маманы болып бастаған. 2010 жылдан 2014 жылға дейін Қазыбек би атындағы ауданның прокуратурасында, одан кейін Павлодар облысының прокуратура органдарында жұмыс істеді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі офицері болды.

Қарағанды облысы бойынша статистика департаментінің басшысы қызметіне Сәуле Комутова тағайындалды. Мамандығы – экономист.

Мемлекеттік қызметте 1998 жылдан бастап халық және еңбек статистикасы бөлімінің бас маманынан Қарағанды облысы бойынша статистика департаменті басшысының орынбасарына дейінгі жолдан өтті.

– Екі кандидатура да Президент әкімшілігімен келісіліп, Әділет министрлігі мен ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің бұйрықтарымен бекітілген. Жаңа басшыларға жұмыста табыс тілеймін, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button