Ресми

Қарағанды облыстық полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Негмет Исмағұлов Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Сурет: polisia.kz сайтынан

Медиа порталдың жазуынша, Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшы құрамына департаменттің жаңа бастығын Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков таныстырған.

Негмет Исмағұлов ішкі істер органдарында 1995 жылғы маусымнан бастап қызмет етіп келеді. Әр түрлі басшылық қызметтер атқарған.

Бұған дейін Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымында болған. Президенттің жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Сондай-ақ, Айдар Сайтбеков ҚР ІІМ-ге қарасты Б.Бейсенов атындағы Қарағанды ​​академиясының жаңа басшысын таныстырды. Бұл лауазымға Санжар Әділов тағайындалды.

Әділов Санжар Әскенұлы ішкі істер органындағы қызметін 1999 жылы бастаған. ІІО-да басшылық қызметтерде жұмыс істеген. 2019 жылы ІІМ тергеу департаментінің бастығы, 2023 жылдың мамырынан бастап Қарағанды облысының полиция департаменті бастығы лауазымында болған.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button