Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев кеншілермен, кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен және «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылығымен кездесті. «Казахстанская» шахтасындағы қайғылы оқиғадан кейін кеншілерде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты сұрақтар туындаған.

«Қорғау» көміршілер кәсіподағының төрағасы Евгений Буслаев кеншілер көтерген мәселелерге тоқталды. Кеншілерді ескірген техника қашан ауыстырылады, кәсіпорындарда қажетті кадр саны қашан қамтамасыз етіледі деген сұрақтар алаңдатады. Сондай-ақ қызметкерлердің денсаулығын жақсартуды ұйымдастыруға байланысты мәселелер бар.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Виктор Гафиулов пен компания өкілдері кадр тапшылығын жою және техниканы жаңарту шаралары туралы айтты.
– Біз жұмыс тәртібінде шешімін табуды қажет ететін бірқатар мәселелерді атап өттік. Кәсіпорындардан нақты ақпарат дайындаймыз. Оларды «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылығы қарастырады деп ойлаймыз. Біз компаниямен компромисстік шешім табамыз деп үміттенеміз. Келіссөздер мәселелені шешпесе, облыс әкімі оларды шешуге араласатынын айтты, – дейді Евгений Буслаев.
Ермағанбет Бөлекпаев биліктің кеншілер жағында екенін баса айтты.